Қытайда тайфун салдарынан әуе рейстері кейінге шегерілді

Гонконгта тайфун салдарынан 460 әуе рейсі кейінге шегерілді.

300-ден астам жолаушы әуежайда қалып қойды. Аймақта желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жеткен. Жолаушылар өз өмірі үшін алаңдап отыр.

Леденила Баризо, жолаушы:

-- Қызымның ЖОО-да ант беру рәсіміне қатысу жоспарым ауа-райының қолайсыздығынан кейінге қалды. Өкінішті.   

Күріш алқаптары қуаңшылыққа ұшырады

Ауа райының қолайсыздығы Индонезия тұрғындарын да қажытты. Күріш алқаптары құрғақшылыққа ұшырап, биылғы өнім мөлшері күрт азайып кетті. Бұл елдің 270 миллион тұрғыны күрішті негізгі тағам ретінде тұтынады. Олар енді импортталған қымбат бағадағы күрішті сатып алуға мәжбүр.   

Дүлей дауыл бірнеше штатқа қауіп төндіріп тұр

АҚШ тұрғындарының өміріне қауіп төндірген "Идалия" дауылы енді Флоридадан Каролина штатына өтті. Бірнеше елді мекенде "дауылды ескерту" жарияланды. 300 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз отыр. Су тасқынының салдарынан аймақтағы тарихи бөгет бұзылды. Алайда нақты қанша адамның зардап шеккені әлі айтылмады.