Үндістан Күнді зерттеуге кірісті
Үндістан алғаш рет ғарышқа Күнді зерттейтін аппаратын ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Адитья-Л1» деп атталатын қондырғы жерден 1,5 миллион шақырымдай қашықтықтан күнді бақылайтын болады. Аппарат бұл үшін алдымен орбитада 16 күндей ұшып, кейін осы межеленген нүктеге қарай сапар шегеді. Ғарыш аппаратына арнайы 7 құрал орнатылған. Өткен айда Үндістан айға ғылыми станциясын қондырып, оның бедерін тексеруге кірісті.