Габонның жаңа билігі ел шекарасын қайта ашты
Бұл мемлекетте әскери төңкеріс болып салдарынан шекара жабылып, коменданттық сағат енгізілген еді.
Әскерилер жақында өткен президент сайлауының нәтижесімен келіспеген. Сөйтіп билікті басып алып, саяси додада жеңіске жеткен саясаткерді үй қамаққа жіберді. Бірақ өзге елдер бұл шешімді қатаң сынға алып отыр. Құрамына құрлықта орналасқан 50-ден аса мемлекет кіретін Африка Одағы Габонды бұл ұйымнан шеттетті. Халықаралық қауымдастық шиеленісті күшпен емес, диалог арқылы шешуге шақырып отыр.
Ульрих Манфумби Манфумби, полковник:
- Заң үстемдігін қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерді орындау үшін біз шекараны қайта аштық. Бұл көрші мемлекеттермен достық қарым-қатынасымызды сақтап қалу үшін де жасалып отыр. Бізде кешкі алтыдан таңғы алтыға дейін коменданттық сағат жарияланған. Сондықтан Габонға келемін дегендер не кетуге ниет білдіріп жатқандар осыны ескеруі тиіс. Және олардың қолында арнайы рұқсат қағазы болу керек.