Израильде тәртіпсіздіктер кезінде жүздеген адам жараланды
Израильде Эритреядан келген босқындардың ереуілі қақтығысқа ұласып, 150-ден аса адам жараланды.
Оның біразы - полицейлер.
Тель-Авивте Эритрея елшілігімен ұйымдастырылған шара өтіп жатқан. Осы мемлекеттен келген мигранттар жақын маңда ереуіл ұйымдастырған. Біреулері Шығыс Африкадағы бұл елдің билігін қолдаса, басқалары қарсы болған. Сөйтіп шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, полицейлердің араласуына тура келді. Ашуға булыққан ереуіл қатысушылары маңайдағы ғимараттардың терезелерін сындырып, көліктерді талқандаған. Күштік құрылым өкілдері көз жасаурататын газ, гранаталар мен пластик оқ қолданған. Қазір жағдай бақылауға алынды. Бүгін арнайы отырыс өту керек. Оның қорытындысы бойынша, тәртіпсіздік қатысушылары депортациялануы мүмкін. Сонымен қоса полицейлердің қару қолдануына қатысты тергеу де жүріп жатыр. Айта кеткен жөн, Израильде 18 мыңға жуық эритреялық босқын тұрады. Көбі кезінде елге Египет арқылы заңсыз өтсе керек.
Хаим Бублиль, полиция өкілі:
- Біз екі тарапқа да наразылық акциясын ұйымдастыруға рұқсат бердік. Шара бейбіт түрде өту керек еді. Бірақ өкінішке қарай қатысушылар сөздерінде тұрмады. Олар Эритрия елшілігімен ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға кедергі етпек болған. Бізге тіпті ғимаратты өртеп жібермек болды деген ақпарат келіп түсті.