Орбитадағы Халықаралық станциядан 4 ғарышкер жерге оралды

Орбитадағы Халықаралық станциядан бір топ ғарышкер "СпейсИкс" компаниясының зымыранымен жерге оралды.

Олардың арасында америкалық Стивен Боуэн мен Уоррен Хобург, Ресейлік ғарышкер, Андрей Федяев және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы Султан әл Неяди бар. Ғарышкерлер отырған капсула, Флорида жағалауына жақын жерге Атлант мұхитына қонды. Олардың жерге оралуы "Идалия" дауылына байланысты, бірнеше рет кейінге шегерілген болатын.