Өзге елдермен ынтымақтастықты күшейту маңызды
Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өңдеу саласына ден қойды.
Әсіресе металлдар мен мұнайды терең өңдеу, машина жасауға және автокомпоненттерді өндіруге баса назар аударды.
Бұның барлығы елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге оң ықпал етеді. Ресейлік саяси және қоғам қайраткері әрі журналист Максим Шевченко осылай деді.
Әлемдегі экономикалық өзгерістерді тиімді пайдалану арқылы, түйткілді мәселені шешуге болады. Бұл тұрғыда өзге елдермен ынтымақтастықты күшейту қажет. Сондай-ақ шетел инвестициясын көбірек тартуды жалғастыра беру керек дейді, Жолдауды зерттеген сарапшы.
Максим Шевченко, саяси және қоғам қайраткері, журналист:
- Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу саласына ден қойды. Әсіресе металлдар мен мұнайды терең өңдеу, машина жасауға және автокомпоненттерді өндіруге баса назар аударды. Бұның барлығы елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге оң ықпал етеді. Әлемдегі экономикалық өзгерістерді тиімді пайдалану арқылы түйткілді мәселені шешуге болады.