Немістер Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Президент Жолдауында айтылған міндеттер Қазақстан мен Германияның ынтымақтастықты дамытуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Германияның Саясат және сыртқы сауда федералдық одағы басшысы осындай пікір білдірді.
Сарапшының айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауылшаруашылық кешенін дамытуға көп көңіл бөлген.
Алдағы үш жылда қайта өңделген өнімнің көлемін 70 пайызға дейін ұлғайту ұсынылды.
Андреас Ян осы ретте неміс бизнесі ауылшаруашылық саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін және өздерінің мол тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтады.
Андреас Ян, Германияның Саясат және сыртқы сауда жөніндегі федералдық одақ басшысы:
- Біз сіздердің президентіңіздің Жолдауымен мұқият танысып шықтық. Себебі, онда Қазақстанның жаңа стратегиялық бағыттары айтылған ғой. Біз Жолдауда экономика мен бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінгеніне қуаныштымыз. Ауыл шаруашылығын дамыту – өте дұрыс бағыт. Германия үшін де бұл өте маңызды сала. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік мол. Біз жаңғыртылатын энергия, машина жасау, ауыл шаруашылығында байланысымызды тереңдетуге дайынбыз.
Президент Штайнмайердің сапары да Германияның Қазақстанмен қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға өте мүдделі екенін көрсетеді. Биыл күзде неміс кәспікерлерінің Қазақстанға сапары жоспарланып отыр.