Антониу Гутерриш: Көмірді пайдаланудан бас тартуымыз қажет
Еуропалық Одақтың көмірге тәуелділігі азайды.
Мұны жаңа зерттеулер көрсетіп отыр.
Биылғы жылдың алғашқы жартысында Одақ елдерінің көмірді пайдалануы өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмендеген.
Сарапшылардың пікірінше, бұған қыстың жылы болып, шикізатқа сұраныстың төмендеуі әсер еткен. Бірақ мамандар ЕуроОдақ көмірден толық бас тартуы үшін экологиялық таза қуат көздерін дамытуды жеделдету қажет дейді.
Ал Халықаралық энергеткиалық агенттік биыл әлемде көмір сатылымы артып, өткен жылғы рекордтан асып түсуі мүмкін деген болжам жасап отыр.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:
- Дүниежүзіндегі барлық қаржы орындары көмір өндіру саласына қомақты қаржы бөлуді тоқтатуы керек. Біз бұл отынды пайдаланудан біртіндеп бас тартуымыз қажет. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің барлығы 2030 жылға қарай көмірді пайдаланудан арылуы тиіс.