Испанияның жағалау күзеті 100-ден астам мигрантты құтқарды
Испанияның жағалау күзеті Канар аралдары маңында 160-тан астам мигрантты құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әскерилер ағаш қайыққа мінген босқындарды Гран-Канария аралы жағалауын шолу кезінде тапқан. Тексеру кезінде Еуропаға бет алған шетелдіктердің арасында 5 әйел мен 12 баланың бары анықталды.
Айта кетейік, Батыс Африкаға жақын жатқан Канар аралдары кәрі құрлыққа жетуге талпынған мигранттар арасында негізгі бағыт саналады.