Солтүстік Корея мен Ресей басшылары кездесуі мүмкін
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын осы айда Ресейге барып, президент Владимир Путинмен кездеспекші.
Бұл туралы «The New York Times» газетіне сілтеме жасап, «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлады. Кездесу Қиыр Шығыстағы Владивосток қаласында өтпекші. Басқосуда екіжақты қарым-қатынас пен әскери байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады деп болжанып отыр.
Былтыр шілдеде Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Пхеньянға сапармен барып, Солтүстік Корея басшысымен келіссөз жүргізген еді.