Үндістанның атауы өзгеруі мүмкін
Енді Үндістан, Бхарат деп аталуы мүмкін.
Үнді үкіметі елдің тарихи атауын қайтармақ ниетте. Тіпті парламенттің арнайы сессиясына тиісті қарар дайындады.
Ел Конституциясының 1-бабына Бхарат атауы енгізіледі, - деп Үндістан ұлттық конгресінің басшысы Джайрам Рамеш әлеуметтік желіде жар салды. - Кезінде британдықтар Бхарат атауын Үндістанға ауыстырып еді. Біздің ел мыңдаған жыл бойы Бхарат атауымен танылған. Ал Үндістан атауы отаршылдықтың символы іспеттес, сондықтан Үндістан деген сөз ел конституциясынан алынып тасталуы керек - дейді үкіметтегілер.
G20 саммитінің ресми кешіне шақыру қағазына Бхарат Президентінің атынан қол қойылғанын айта кеткен жөн.