Бирмингем банкрот қалаға айналды
Ұлыбританияда екінші ірі қала Бирмингем шаһары өзін банкрот деп жариялады.
Себебі, шаһар бюджетінің дефициті 87 миллион фунт стерлингке жеткен. Тапшылық қала әкімшілігінде жұмыс істеген мыңдаған әйелдің жалақылары дұрыс есептелмей өтемақы төлеуден туындаған. Соңғы 10 жылда оның көлемі 1 миллиард фунт стерлингтен асып кеткен. Мәселеге қатысты Бирмингем қаласының билігі көп жобаны тоқтатуға мәжбүр болып отыр.