Венецияда туристік алым енгізілмек

Венецияда енді саяхатшылардан қалаға кіргені үшін ақы алынады.

Ол келесі жылдың көктемінде басталады. Туристер  шаһарды аралап көруі үшін 5 еуро төлейтін болады. Алымнан 14 жасқа дейінгі балалар ғана босатылады. Шара туристердің ағымын шектеу мақсатында қолға алынғалы отыр. Венецияда 250 мың адам тұрады. Ал жыл сайын су үстіндегі шаһарды көруге 1 миллионнан аса турист келеді екен.