БҰҰ: Гендерлік теңдікке 300 жыл қажет
Әлемде гендерлік теңдікке жету үшін шамамен 300 жыл қажет.
Қазір әйелдер мен қыздардың құқықтарын ілгерілетудегі жұмыстардың саябырсығаны байқалады. Мұны БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты-координаторы Микаэла Фриберг-Стори мәлімдеп отыр. Айтуынша, тұрақты даму саласында алға қойған мақсаттарды іске асыруда біраз кедергілер бар. Қазіргі кезде тапсырмалардың тек 15% - ы ғана орындалған. Және төрт жыл ішінде кедейлік жағдайында өмір сүретін адамдар саны артқан.
Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты-координаторы:
- 2030 жылға жақындағанымызды ескерсек, тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда айтарлықтай қиындықтар бар. Қазақстан әлемнің басқа да елдері сияқты дамудың белгілі бір кезеңінде тұр. Алдағы саммитке дайындық барысында біз мақсаттарымыздың бірегейлігін мойындауымыз қажет. Саммит қорытындысы бойынша саяси декларация қабылданады деген үміттеміз. Бұл тұрақты даму жолындағы жасалып жатқан жұмыстарға тың серпін бермек.
Айта кеткен жөн, тұрақты даму тақырыбына арналған саммит 18-19 қыркүйекте өтеді. Мемлекет және үкімет басшылары Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтеріне жиналып, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылайтын болады.