Жер бетін арамшөп басып барады
Тіпті соңғы жылдары инвазивті, яғни белгісіз өсімдіктер мен жануарлар көбейіп, биоалуандылыққа нұқсан келтіріп жатыр,- дейді ғалымдар.
Мұндай құбылыстардан жыл сайын әлем экономикасына 423 миллиард доллар көлемінде шығын келеді екен.
Бұл туралы БҰҰ баяндамасында жарияланды.
Бүгінде жер шарында 3 мыңға жуық инвазивті өсімдік пен жануар бар. Соның бірі, гиацинт гүлі. Ол негізінен Латын Америкасы елдерінде өседі. Бірақ кейінгі кездері аталған өсімдік түрі Азия, Африка, Австралия, Еуропа мемлекеттерінде де кеңінен таралып жатыр. Жалпы, гиацинт судағы өзге өсімдіктерді ығыстырып, балықтардың азығын азайтатын зиянкес саналады. Ғалымдардың айтуынша, жер бетінде соңғы уақытта мұндай паразитті тіршіліктер көбейе түскен.
Питер Стотт, БҰҰ баяндамашысы:
- Қазір мұндай құбылыс әлемнің көп елінде байқалады. Әсіресе, бөгде жәндіктер мен сүтқоректі жануарлардың аяқ астынан пайда болып, көбеюі жиі кездеседі. Мысалы, АҚШ-тың бірқатар аймағында сасық саңырауқұлақ қаптаған.
Ғалымдар мұндай зиянкес тіршіліктердің тез таралатынын айтады. Кейінгі 4 жылда 49 елде жүргізілген зерттеулер осыны көрсетіп отыр. Ал дерекке сүйенсек, 1979 жылдан бастап осындай табиғи құбылыстардан әлем экономикасына келетін шығын 400 пайызға артқан.
Питер Стотт, БҰҰ баяндамашысы:
- Зерттеу Гавай араларында орман өрті Африкада өсетін кей шөптердің таралуымен байланысты екенін көрсетті. Олар басқа климатқа бейімделген. Салдарынан экстремальды ауа райы кезінде табиғи апаттың тууына себепші болған.
Мамандар дүниежүзінде бөгде өсімдіктер мен жануарлардың тез таралу құбылысының жиілеуі жаһандық жылынумен байланысты деп отыр. Болжамға қарағанда келешекте олардан флора мен фаунаның жапа шегуі арта түспек.
Дәурен Ақашұлы, Жанна Хусаинова, «Хабар 24»