Жапонияда ғарыш пен Айды зерттеуге 2 аппарат ұшырылды
Жапония ғарыш пен Айды зерттеуге арналған 2 зонд ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алғашқы аппарат ғарышты рентген телескопымен бақылауға арналған. Ғалымдар осы құрал арқылы галактикалардың қалыптасуы мен ірі қара ойықтарды зерттеуді жоспарлап отыр. Ал Айға аттандырылған шағын зонд келешекте Жер серігіне ұшырылатын аппараттардың қону технологиясын жетілдірумен айналысады. Сонымен қатар Ай бедерін тексеріп, оның химиялық құрамын анықтау бойынша зерттеулер жүргізеді.