Словакияда заңсыз миграциямен күреске әскерилер жұмылдырылады

Словакияда заңсыз мигранттармен күреске әскерилер жұмылдырылғалы жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік алғаш рет мұндай қадамға барғалы отыр. Әскерилер Венгриямен шекара маңына орналастырмақ. Себебі босқандардың көбі осы елдің шекарасы арқылы өтетін көрінеді. Былтыр 30 мың мигрант ұсталған. Жергілікті билік келімсектердің басым бөлігі Словакия арқылы Германияға өтуге талпынады дейді.  

Штефан Харман, Словакия полициясының басшысы:

- Бізді Венгриямен шекараны толық жаппай отырсыңдар деп жиі айыптайды. Бірақ 655 шақырымға созылған аумақты түгелдей жабу мүмкін емес. Мысалы, Венгрия екіқабатты қорған мен оған қойылған камераларға қарамастан Сербиямен 175 шақырым шекарасын бақылай алмай отыр. Біз мәселені шешу үшін шенген аймағына кіретін елдердің сыртқы шекарасын қорғауды күшейту қажет деп ойлаймыз.