Әлемнің жарты бөлігін су басты

Әсіресе Түркия, Грекия, Испания, Бразилияның көп бөлігі көлге айналды.

Жол, көлік қозғалысы тоқтап, тұрғындар сусыз, жарықсыз қалды.

Су тасқыны Испанияның Вильяманта аумағын түгелдей басты. 3 адам қайтыс болып, үшеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Тұрғындар тұрағынан айрылып, ғимараттар мен мектептер қирап қалды. Мадрид,  Каталония, Воленсия провинцияларында жауын-шашын салдарынан көшелер лайға айналды. Өзге аудандарда бұршақ жауып, ел инфраструктурасына мол шығын келіп отыр.

Виктор, тұрғын:

- Бұндай апатты бұрын-соңды көрмедім. Бұл жерде балалық шағым өтті. Ал қазір күл-талқаны шықты.

Грекия

Ал Грекияда жаңбырдан кейін, қатты дауыл соғып 6 адам қаза болды. Дүлей жел үйлердің шатырларын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатып, көпірлерді қиратты. Қазір жоғалған 4 адам іздестіріліп жатыр. Грекия үкіметі бұл тасқынды бұрын соңды болмаған табиғи апат деп мәлімдеді.

Нил Маршалл, тұрғын:

- Мен Бангладештің ірі муссондарын, Гонконктің тайфунын көрдім. Ал бұл солардан да сорақысы болды.

Метеорологтардың мәліметінше, жауын-шашын апта соңына дейін жалғасады.

Авторы: Дәурен Ақашұлы