G20 саммиті биыл Путин мен Си Цзиньпинсіз өтеді
Үндістан астанасында «Үлкен жиырмалық» саммитіне қызу дайындық жүріп жатыр.
Ауқымды шара қыркүйектің 9-10 күндері өтеді.
Биылғы жиынға Ресей және Қытай басшылары қатыса алмайтынын мәлімдеген.
Саммитте халықаралық сауда, кедейлікпен күрес, білім, денсаулық сақтау, климаттық өзгеріс сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.
Тараптар бірқатар маңызды мәлімдемелер жасауы мүмкін. Ал тұрғындар саммиттің Үндістанда өтуі тарихи сәт дейді.
Самридди Рруниял, студент:
- G20 саммиті – өте ауқымды шара. Бұл біздің еліміз үшін жоғары мәртебе. Әлем халықтары мелекетіміз жайлы көбірек танып-біліп, еліміздің беделі арта түседі деп ойлаймын.