АҚШ-та табиғат қорғаушылар билікті сотқа берді
АҚШ-та экологиялық топтар Юта штатындағы Үлкен тұзды көлдің тартылуына байланысты аймақ билігін сотқа берді.
Табиғатты қорғаушылар, штат басшылығы, көл мен оған құятын өзендерді шаруалардың көптеп пайдалануына рұқсат беріп, апаттық жағдай орнады деп отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, алып көлдің суы 1980-ші жылдан бері 2 есе азайған. Ал құрғаған жерлерде, тұз мен сынап шө-гінділері түзіліп, тұрғындар денсаулығына қауіп төндіре бастаған.
Закари Франкель, Юта штаты өзендері жөніндегі кеңестің атқарушы директоры:
- Юта штаты су ресурстарын қорғауда басқа аймақтардан ондаған жыл артта қалып қойған. Штат билігі Үлкен тұзды көлдің суын молайту үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырмай келеді. Тіпті кей экологиялық ұйымдардың мәселені шешуге бағытталған ұсыныстарын қолдаудан бас тартып отыр.