Еуропада коронавирус өршіп барады
Кәрі Құрлықта коронавирусты жұқтыру дерегі артты.
Бүгінде Еуропадағы науқастардың саны 12 600-ден асады. Халықтың иммунитеті төмендеп, инфекцияның жаңа түрлері пайда болып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзір алаңдауға негіз жоқ дейді. Дегенмен вакцина вируспен күрестегі ең тиімді құрал болып қала бермек. Сондықтан, әзір екпеден бас тартуға болмайды. Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамырда пандемияның аяқталғанын ресми түрде жариялаған еді.