Коронавирус: жаңа штамм өршіп тұр
Коронавирустың «Эрис» атауына ие EG.5 штамы өршіп тұр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Женевада өткен жиында осындай мәлімдеме жасады. Тедрос Гебрейесус Жер шарының солтүстік бөлігіндегі жағдайдың күрделі екенін айтты. Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім көбейіп барады. Ал Еуропада коронавирус жұқтырған науқас саны артқан. Жаңа штамның бұрынғыларын ығыстырмай, қатар таралып жатқаны алаңдатып отыр.