Үндістанда G20 кездесуі өтеді
Бүгін, 9 қыркүйек күні Үндістанда G20 кездесуі басталады.
Саммит қарсаңында Нью-Делиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Үлкен жиырмалық елдерінің көшбасшылары мен халықаралық делегациялар біртіндеп ел астанасына келіп жатыр. Жиында климаттың өзгеруі, әлемдегі геосаяси ахуал мәселелері талқыланады. Сондай-ақ банктердің реформалары мен криптовалюталарға жаһандық көзқарастың дамуы күн тәртібіндегі негізгі тақырып болмақ.