Мароккода жер сілкінісінен 298 адам опат болды
Мароккода жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Магнитудасы 6,9 балл деп бағаланған табиғи апаттан кемі 298 адам опат болды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әртүрлі деңгейдегі жарақатпен 150-дей адам ауруханаға жеткізілді. Ресми ақпарат бойынша, елдің Марракеш қаласы мен оның айналасындағы 80 шақырым жердегі барлық елді мекен қатты зардап шекті. Бұл – Марокко тарихындағы соңғы 20 жылдағы ең ірі апат. Зілзала эпицентрі Жоғары Атлас тауында, 18 шақырым тереңдікте, - дейді елдің геологиялық қызметі. Аймақ тұрғындары үйлерін тастап қашып, бас сауғалап кетті.