Қытайда Азия ойындарының Алау эстафетасы басталды

Қытайдың Ханчжоуында ХІХ Азия ойындарының Алау тапсыру эстафетасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алау тұтатудың салтанатты рәсімі Юннджин саябағында болды. Ал оны бірінші болып жүзуден Олимпиада чемпионы алып шықты. Алау тапсыру эстафетасы Чжэцзян аймағының 11 қаласында өтеді. Ал 20 қыркүйекте алау Ханчжоуға қайта оралады.

Айта кетейік, Азия ойындарының ашылуына 2 аптадай уақыт қалды. Халықаралық бәсекеге Азия елдерінен 12 мыңнан аса спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.

Ло Сюэцзюань, Алау эстафетасына қатысушы:

- Алауды алғашқы болып алып шығу – мен үшін зор мәртебе. Мен Ханчжоуда туып-өстім. Бала кезімнен жақсы таныс көшенің бойымен жүгіргенімде қатты толқыдым.