Мароккодағы жер сілкінісінен опат болғандар саны 632-ге жетті
Мароккодағы жер сілкінісінен опат болғандар саны 632-ге жетті.
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлайды. 329 адам ауыр халде ауруханада жатыр.. Магнитудасы 7,2 балл деп бағаланған табиғи апат эпицентрі - Жоғары Атлас тауында, 18 шақырым тереңдікте, дейді, елдің геологиялық қызметі. Әл-Хауз, Хуарзазат, Марракеш, Азилал, Шихауа және Тарудант провинциялары қатты зардап шекті. Al Jazeera ЮНЕСКО-ның мұрасы ретінде танылған Марракеш қаласының тарихи бөлігі ішінара жойылғанын хабарлады. Бұл - Марокко тарихындағы соңғы 20 жылдағы ең ірі апат.