Гавай аралдарында болған алапат өрт оқиғасынан кейін 66 адам із-түссіз жоғалған
Гавай аралдарында болған алапат өрт оқиғасынан арада 1 ай уақыт өтті. Алайда, жоғалған 66 адам әлі табылған жоқ. Бұл туралы аймақ губернаторы хабарлады.
Еске салайық, дала өртінен 115 адам опат болды. 1500-ге жуық тұрғын үй қирады. Мауи аралындағы Лахайна курорттық қаласы түгел жанып кетті. Тұрғындар аман қалу үшін Тынық мұхитына секіруге мәжбүр болған. Олардың көбі өрт туралы мүлдем ескертілмегенін айтқан. Бұл - 1918 жылы Миннесота мен Висконсиндегі 450 адамның өмірін қиған дала өртінен кейінгі АҚШ-тағы ең қайғылы оқиға.