Бүгін Мальдив республикасында президент сайлауы өтеді
Үнді мұхитындағы шағын мемлекет тұрғындары дауы беру рәсіміне қатысады.
Елдің қазіргі президенті Ибрахим Мұхаммед Салих - екінші бесжылдық мерзімге сайлануға үміткер. Одан өзге 7 үміткер бақ сынайды. Оның қатарында ел астанасы Мале қаласының мэрі Мұхаммед Му-иззу да бар. Негізгі бәсеке Мальдив Демократиялық партиясы мен Ұлттық партия арасында өтеді, дейді сарапшылар. Айта кетерлігі, елдің негізгі табыс көзі - туризм және балық аулау саласы.