G20 декларациясы қабылданды
G20 көшбасшыларының декларациясы қабылданды.
Бұл туралы Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мәлімдеді. «Құжат бойынша консенсусқа саммиттің алғашқы күні-ақ қол жеткіздік»,- деді ол.
Еске салайық, бүгін Нью-Делиге "Үлкен жиырмалық" елдерінің басшылары мен халықаралық делегациялар климаттың өзгеруі, әлемдегі геосаяси ахуал мәселелерін талқылаудға жиылған. Сондай-ақ, банктердің реформалары мен крипто-валюталарға жаһандық көзқарастың дамуы - күн тәртібіндегі негізгі тақырып болмақ.