Хиуадағы саммит: Ұлттық спорт мәртебесін көтеру
Өзбекстанның Хиуа қаласында халықаралық этноспорт саммиті өтті.
Жиынға 60-тан астам елден үкімет, федерация өкілдері мен ғалымдар келген. Оған біздің елден Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт қауымдастығынан басшылар қатысты. Саммитте ұлттық спорт түрлерін дамыту және оның ауқымын кеңейту мәселелері қозғалып, ұсыныстар айтылды. Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов сөз алып, саммитке қатысушыларды келесі жылы елде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырды. Осы орайда «Түркітілдес мемлекеттер жиналып ұлттық спорт түрлеріне ортақ ереже бекітіп, нормативтік базасын қалыптастыру арқылы болашақта ұлттық спорттың бір түрін Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіргізсек, баршамыздың ортақ жеңісіміз болар еді», - деп ұсыныс айтты.
Айта кетейік, бүгінде Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясына 16 мемлекет мүше.