Гавайдағы жанартау қайта атқылады
Гавайдың үлкен аралындағы Килауэа жанартауы тағы да атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – отты таудың биылдыққа осымен үшінші мәрте оянуы. Бірақ жергілікті билік жақын маңды қоныстанған тұрғындарға қауіп жоқ екенін айтады. Дегенмен жанартау ұшқындары адамдардың тыныс алу жүйесіне әсер етуі мүмкін.
АҚШ геология қызметінің хабарлауынша, мұнда жоғары сейсмикалық белсенділік байқалған. Килауэа жанартауы ұзындығы 1247 метрді құрайды. Әлемде ең белсенділердің қатарында. 2019 жылы оның атқылауы салдарынан жер сілкініп, 100-ден астам үй қираған.