Ливияда тасқыннан 2 мың адам көз жұмды

Ливияның Дерна қаласында толассыз жауын салдарынан екі тоған жарылып, қаланы топансу басты.

Соның салдарынан 2 мың адам көз жұмды. 6 мың азамат із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір оларды құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, тасқын су мыңдаған үйді қиратып, көліктерді шайып әкеткен. Апатқа байланысты аймақта төтенше жағдай режимі жарияланып, коменданттық сағат енгізілді.

Ал Қытайда жауын-шашынның басылатын түрі жоқ. Жаңбырдың толастамай тұрғанына бір аптадан асып кетті.

Оңтүстік өңірде ондаған қаланы су басып, 13 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар жаңбыр жақын арада басыла қоймас деп отыр.

Сондықтан көп аймақта қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.