Израиль тұрғындары тағы да наразалыққа шықты
Мыңдаған адам Нетаньяху резиденциясының жанына жиналып, сот реформасына түбегейлі қарсы екендерін жеткізді.
Бүгін Жоғарғы Сот судьяларының алқасы билікті шектеуге арналған заңды талқылайды. Наразылық білдірушілер бұл жолы негізгі көшелердегі көлік қозғалысына кедергі келтірді. Жоғарғы Сот жүйесіне қатысты реформаға қарсылық білдірген халық 7 қаңтардан бері, соңғы 9 ай бойы ереуілдетіп жатыр.