400 жылда бір көрінетін комета
«Нишимура» кометасы бүгін Жер планетасының жанынан ұшып өтеді. Бұл - 400 жылда бір рет қана көрінетін комета», - дейді ғалымдар.
Аспан денесі бізден 125 миллион шақырым жерде қозғалып өтпек. Оны анық көру үшін арнайы жабдық қажет. Кометаның аты жапондық астроном Хидео Нишимураның құрметіне қойылған. Айта кетерлігі, ол Күнге жақындаған сайын жарқырай түседі. Нишимура соңғы рет шамамен 430 жыл бұрын біздің ғаламшардың жанынан өткен екен.