Перуде 8 ине жұтқан бүлдіршінге операция жасалды
Перуде 2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дәрігерлер сәбиге бірден операция жүргізіп, ішіндегі инелерді алып шықты. Мәлім болғандай, бөбек анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алған. Бірақ сол мезетте оны ешкім байқамай қалды.
Дәрігерлер бала операциядан кейін жылдам оңалып жатқанын айтады. Дегенмен бірнеше күн бақылауда бола тұрады.
Нарли Олортеги Писко, бүлдіршіннің анасы:
- Қорада ойнап жүріп тауып алды да, жұтқан көрінеді. Мен ара-тұра сол фермаға барып, жұмыс істеуге мәжбүрмін. Өйткені бала-шағамды жалғыз асырап отырмын.