Түркияның солтүстігінде шахтада апат болды
Салдарынан, бір адам қайтыс болды.
Тағы алты кенші әр түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апат болған сәтте кен орнында 300-ге жуық қызметкер болған. Оларды оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар эвакуациялап алды. Төтенше жағдай ЗонгұлдАк провинциясындағы Эрегли ауданында орналасқан шахтада тіркелді. Қазір оқиға орнында апаттың шығу себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.