Вьетнам астанасы Ханойда тұрғын үй өртінен 56 адам қаза тапты
Вьетнам астанасы Ханой қаласында тұрғын үйде өрт шығып, 56 адам қаза тапты.
Оның ішінде 10 бала бар. Тағы 37 тұрғын ғимараттан секіріп, ауыр жарақат алды. Қызыл жалын тұтанған сәтте, тұрғындардың көбі пәтерлерінде болған. Төтенше жағдай қызметі апаттан кейін, 9-қабатты үйде өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылғанын анықтап отыр. Ғимаратты салған компания басшысы қамауға алынды. Енді, ол сот алдында бұл оқиға үшін жауап береді. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады.