Тасқыннан опат болғандар саны 11 мыңнан асты
Ливиядағы тасқын судан опат болғандардың саны 11 мың 300-ге жетті.
Бұл туралы Ассошиейтед Пресс ливиялық Қызыл Крестке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бұған дейін табиғи апаттан 5 мың адам қаза болды деген хабар тараған еді. Гуманитарлық ұйымның мәлімдеуінше, елде 10 мың адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Дерна қаласында 6 мыңдай адамнан хабар жоқ. Мұндағы тұтас аудандарды тасқын шайып кеткен.