Реформалар экономикаға тың серпін береді
Қазақстан құрылымдық рефомаларды, жаңа экономикалық географияны назарға ала отырып, жүзеге асырып келеді.
Ресейдің әлемдік экономика мен халықаралық қатынастарды зерттеу, ұлттық институты директорының орынбасары осындай пікір білдірді. Сарапшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаудағы өндіруші өнеркәсіпті дамыту бойынша ұсыныстарын ерекше атап өтті.
Сергей Афонцев, әлемдік экономика және халықаралық қатынастарды зерттеу институты директорының орынбасары:
- Қазақстанда өндіруші сектордың үлесін арттыруға бағытталған құрылымдық реформалардың мақсаты зор. Біз Қазақстан президентінің ұстанымын толық қолдаймыз. Бұл бастамалар елдің экономикасына жаңа серпін беретініне сенімдімін.