Анкарада өткен суретшілер сайысында Қазақстандық жастар топ жарды
Түркия астанасы Анкарада өткен «Түркі бірлігі» суретшілер сайысында Қазақстандық жастар топ жарды.
Додаға, түркітілдес елдердің балалары қатысты. Жас суретшілер түркі тарихы, Отан және табиғат тақырыптарына, қыл-қаламдарын тербеді. Сайыс қортындысы бойынша, жеңімпазар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Меруерт Қанағат, тілші:
- Анкарада түркі дүниесінің жас таланттары марапатталды. “Түркі бірлігі” тақырыбында өткен сурет салу және шығарма жазу бойынша халықаралық байқауда еліміздің жастары да жүлделі орын иеленді. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығы мен Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылған байқаудың мақсаты, бауырлас мемлекеттердің дарынды оқушыларына қолдау көрсету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірнеше ай бойы туыстас елдерден келіп түскен туындылардың арасынан үздіктерді таңдау оңай болған жоқ.
Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:
- Бұл шара ТҮРКІСОЙ тарихында алғаш рет өтіп отыр. Біз суретшілер мен оқушылар арасында шығарма жарысын ұйымдастырдық. Негізгі мақсат, түркі дүниесін жастар арасында насихаттау. Шығармалары арқылы балалардың шеберлігін көргіміз келді. Туындыларын көріп, түркі бірлігіне деген көзқарастарының түзу екеніне көзіміз жетті.
Балалардың өнерін тамашалаған көрермендер таңданыстарын жасырмады. Картиналар бір-бірінен ерекшеленіп, терең ойға жетелейді. Қазақстандық 15 жасар Ғайша Аманжолдың туындысында бір шаңырақ астында бас қосқан туыстас жастар бейнеленген.
Ғайша Аманжол, жүлдегер:
- Бірліктен тірлік туады. Біз түркі халықтары бір халықпыз. Сондықтан мен осы суретіммен оның маңыздылығын көрсеткім келген. Мен Жүргеновтың бірінші курс студентімін.
Шынар Мұқанова, "ЮНЕСКО" ұлттық клубтар федерациясының бас хатшысы:
- Шараны біз Қазақстанда ТҮРКСОЙ-мен бірге бірігіп ұйымдастырдық. Өте қуаныштымыз. Біз сурет салу бойынша үш жүлделі орынды иелендік. Біз үшін бұл үлкен мәртебе.
ТҮРКСОЙ ұйымының штаб- пәтерінде өткен марапаттау рәсімінде түркі жастары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауды өткізу енді дәстүрге айналады.