Иран МАГАТЭ инспекторларын жұмысынан шеттетті
Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікттігінің бірнеше инспекторын аккредитациясынан айырды.
Сөйтіп МАГАТЭ инспекторларының үштен бірі жұмысынан шеттетілді. Барлығы ядролық қаруды таратпау туралы шарт аясында елде тексерулермен айналысқан. Бірақ агенттік басшысы бұл біржақты шешім екенін айтып, оны қатаң сынға алып отыр.
Айта кеткен жөн, Иран мен МАГАТЭ арасында ядролық қаруды таратпау туралы шарт жасалған. 4 жыл бұрын Ислам республикасы тура осындай қадамға барған. Ол кезде Нетенз қаласындағы яддролық нысандағы іс-шараларды қадағалаған агенттік инспекторы да қызметінен шеттетілген.