Бразилияда шағын ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстігіндегі Амазонас штатында шағын ұшақ апатқа ұшарып, 14 адам қаза тапты.

Олардың екеуі экипаж мүшесі, қалғаны жолаушылар. Төтенше оқиға әуе көлігі әуежайға қона бергенде болды. Алдын ала тергеуге қарағанда оған жаңбыр себеп болуы мүмкін. Ұшақ әуежай алаңына дұрыс қона алмаған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза болған жолаушылар Манаус қаласынан Барселус шаһарына спорттық балық аулаумен айналысуға бара жатқан.