Бангладеште денге безгегінен 778 адам көз жұмды
Бангладеште жыл басынан бері 778 адам денге безгегінен көз жұмды.
Ал індетті жұқтырғандар саны 157 мыңнан асып кеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері болашақта денге, сары безгек, Зика вирусы секілді масалар арқылы тарайтын аурулар өрши түсетінін болжап отыр. Оған климаттың өзгеруі себеп дейді. Бұдан бөлек Бангладеште індетпен күрес шаралары дұрыс үйлестірілмеген. Эпидемилогиялық ахуалдың нашаралауының бір себебі де осы. Денге безгегі әдетте тропикалық өңірлерде тіркеліп жатады. Оны жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, жүрегі айниды. 80 процентінде ауру жеңіл түрде не еш белгілерсіз өтеді. Бірақ асқынып кетсе, кісі өлімімен аяқталып жатады.
Закир Хассейн, Дакка қаласының тұрғыны:
"Біздің үйіміздің жанында қоқыс көп. Маса қаптап жүреді. Терезеге тор орнатып қойғанбыз. Алайда соның өзінде қызым ДЕнге безгегін жұқтырып, ауруханаға түсті. Негізі қаланың басшылығы тазалық жағына көп көңіл бөлсе дейміз. Сосын масалармен күрес ойдағыдай жүргізіліп жатқан жоқ".