Дерна қаласында дезинфекциялау жүргізіліп жатыр

Ливияның Дерна қаласында дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан кейін жергілікті билік инфекция тарай ма деп қауіптенеді. Сондай-ақ аймақта дәрігерлердің жетіспеушілігі де аурудың асқынуына себеп болуы мүмкін. Әсіресе тырысқақ пен су арқылы таралатын өзге де дерттер көбеюі ықтимал.

Абкар Әл-Катаани, қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы:

-Су тасқыны басталғаннан бері біз көшелерді, мешіттерді, баспаналарды дезинфекциялаудамыз. Инфекция таралуының алдын алу өте маңызды. Біз сондай-ақ су тасқыны болмаған аудандарды да тексереміз.

 

Үндістанда су тасқыны басталды 

Үндістанның орталық және батыс штаттарын да су басты. Оған себеп – бірнеше күн тоқтамай жауып жатқан ақ жауын. Судың күрт көтерілуіне байланысты Гуджарат штатынан мыңдаған тұрғын эвакуацияланды. Сондай-ақ Уджайн қаласында ондаған ғибадатхана мен әкімшілік ғимараттар су астында қалды. Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.