Түркі инвестициялық қоры құрылады
Түркі инвестициялық қорының алғашқы кезеңдегі капиталы 500 млн АҚШ долларын құрайды.
Мәжіліс депутаттары аталған қорды құру туралы келісімді мақұлдады. Мүше мемлекеттер – Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан жарнаны өзара тең бөліп аударады. Штаб пәтері Ыстамбұлда орналасады. Қор мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қолдау көрсетеді. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру, логистика, агрокешен, туризм және жасыл экономиканы дамытуға күш салады. Бұған дейін Әзербайжанның Ұлттық Мәжілісі келісімге қолдау білдірген болатын.