Данияда дала өртін дрон бақылайды
Данияда дала өртінің алдын алу мақсатында "ақылды" дрон іске қосылды.
2018 жылдан бастап Испанияда қолданысқа енген техника енді Копенгагенде қызмет етпек. Ол жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді, әрі жылу камерасымен жабдықталған. Құрылғының көмегімен тек дала өрттерін бақылап ғана қоймай, өзге мақсаттарда да қолдануға болады. Мәселен, Австралияда "ақылды" дрондар калаларды бақылау үшін, ал Угандада браконьерлікпен күресу мақсатында пайдалану жоспарланып отыр.
Кеннет Ричард Гайпель, компанияның бас директоры:
- Әдетте өрт сөндірушілер 12 сағаттық немесе тіпті тәуліктік деректерді пайдаланады. Яғни сайтқа шыққан бейнелердің көмегімен қызыл жалынмен күресу стратегиясын құрады. Сондықтан бұл деректер өрттің бақылаудан шықпауын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.