Испанияда теңіз суын тұшыту мәселесі өзекті болып тұр
Испаниядағы құрғақшылық су мәселесін ушықтырып жіберді.
Оннан астам аймақта тіршілік нәрін тұтынуға қатаң шаралар енгенімен, проблема шешілген жоқ. Билік теңіз суын тұщыландыру арқылы резервтік қорды қалпына келтірмек, алайда мұндай зауыт салу үшін кемі 5 жыл керек.
Испанияда фермерлік үй деген ұғым бар, олар бау-бақша егіп, күн көреді. Биыл құрғақшылық кең етек жайып, көп өңірге жаңбыр мүлде жаумады. Салдарынан су қоры тартылып, шаруалар мол шығынға батты.
Андалусия автономиялық округіне енетін Санта-Фе өзенінің қазіргі күйі осы. Мұндағы су қоры ең төмен деңгейге жеткен. Испанияның орталық өңірлерінде соңғы айда су тасқыны тіркелсе, Каталония мен Андалусия сияқты шығыс аймақты құрғақшылық жайлады.
Пако Пересе, Монтсени тұрғыны:
- Біз әдетте су қорын жауған жаңбырдың есебінен толықтырып отыратын едік. Биыл ол да жоқ. Қазір көліміз тарылып, қиындыққа тап болдық. Күн көріс қиындап кетті.
Шағын бау бақшаның өзін суару мүмкін болмай тұр. Елді-мекен тұрғындары, әсіресе фермерлердің ендігі ойы өзге аймақтарға көшу.
Пиус Мунтанья, шаруа қожалығының басшысы:
- Көріп тұрсыздар дәнді дақыл мен жеміс-жидектеріміз қурап қалды. Жаңбыр мен суы бар басқа өңірге жылжуды қарастырып жатырмыз, әрине мұның бәрі мол шығын. Қазір тіпті ауыз суды көрші ауылдан тасып жүрміз.
Жергілікті билік қиындыққа тап болған өңірлердің ірі фермерлеріне су жеткізіп, шығындарын өтеуге келісіп отыр. Ал шағын кәсіпкерлерге жеңілдік жасалмайтын болды. Олар су мәселесін өздері шешуі тиіс.
Аида Қыдырбай