Колумбияда көлік жарылысынан екі адам қаза тапты

Колумбияның оңтүстік-батысындағы полиция бөлімшесінің жанында көлік жарылды.

Оқиға орнында 2 адам қаза тапты, тағы екеуі жарақат алған. Жарылыс салдарынан полиция учаскесі, аурухана және жақын маңдағы ғимараттарға түрлі деңгейде зақым келді. Үкімет лаңкестік әрекет жасағандарға іздеу жариялады.

Тито Кастельянос, ұлттық полиция бастығының орынбасары:

- Каука, Тимба департаментінің полиция учаскесінен 50 метрдей жерде миналанған көлік жарылды. Бұл аймақтағы полиция қоршауда. Сондықтан әскери әуе күштерінен көмек сұрап жатырмыз.