Венесуэланың ең қауіпті түрмесінде арнайы операция жүргізілді
Венесуэлада полиция Токорон қаласындағы түрмедегі тәртіпті қалпына келтіру үшін арнайы операция жүргізді.
Шара абақтыдағы бір-бірімен бәсекелес қылмыстық топтар арасында қақтығыстың жиілеуіне байланысты қолға алынған. Операцияға 11 мың жауынгер жұмылдырылды. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Токорон қаласындағы түрме осы елдегі ең қауіпті түзету колониясы саналады.