Бразилияда орман өртке оранды

Бразилияның оңтүстігіндегі Мату-Гросу-ду-Сул штатында орман қайта өртеніп, жалын тез таралып жатыр.

Өрт 400 гектарға жуық алқапты күлге айналдырған. Мамандар апат ауданына арнайы техниканың жетуі қиынға соғып жатқанын айтады. Жалынды өшіруге жел де кедергі болып тұр. Өрт орманға найзағайдың түсуінен тараған. Соңғы апталарда Бразилияның барлық аймағында күн ысып, ормандардың өртенуі жиілеген.